Террористік тұрғыдан осал объектілердің беріктігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.  

Жиналысқа мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Жиналыста Шымкент қаласы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету деңгейі туралы және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің 30.03.2022 жылғы №117 бұйрығы негізге ала отырып, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс-қимыл алгоритімі бекітілді.

Жиын қорытындысы бойынша, қала аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді заң, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру бойынша қатысушыларға тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.

 

Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990321?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version