КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҒЫНЫП…
ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 3 сәуірдегі #829 Жарлығымен сырымдық көпбалалы аналар – Гүжайнар Есенжолова, Айдана Кубиева, Гауһар Сұлтан және Гүлжазира Шарапиева “Күміс алқаға” ие болды.
Бүгін мемлекеттік награданы Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Төлепов табыстады.
Конституциямызда мемлекеттің ең басты байлығы – адам деп көрсетілген. Біз оған, ең бай жанұя – көп балалы жанұя дегенді қосар едік. – Баланы дүниеге әкелу секілді оны қоғамға үлескер етіп тәрбиелеу де маңызды. Сіздерге демографиялық ахуалдың артуына үлес қосқандарыңыз үшін ғана емес, қазақ болашағының салауатты, сапалы өкілдерін тәрбиелеп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын! – деді Қайрат Нұржанұлы.
Салтанатты қабылдау сәтінде аналар отбасылық институт, еңбек тәрбиесі туралы әңгіме қозғады.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991215?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау