ОЛАР – ЖЕҢІСТІҢ БАЛАЛАРЫІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ОЛАР – ЖЕҢІСТІҢ БАЛАЛАРЫІ
Сырым ауданындағы тыл еңбеккерлері “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапатталды.
ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығымен тағайындалған наградалардың алғашқы легі Жымпиты ауылдық округіндегі еңбек ардагерлерінің өңіріне тағылды. Мемлекет басшысының сәлемдемесін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов аяқтай барып тапсырды.
Тыл еңбеккерлері – ерте есейген балалар, соғыста жүрген әкенің құрығын, күрегін ұстап қалған мұрагерлер. Олар – қаралы жұрттың үміті, жаралы жүректің жұбанышы болды.
Мәселен, Өлеңті ауылының жасы тоқсанға таяған ақсақалы Болат Валиев соғыстың оты майданды, түтіні азаматтары жоқ ауылдарды шарпыды дейді.
– Ауылда татар әйел нан пісірді. Таңертең бір тілім қара нан жеп, сабағыма кетуші едім. Он оқып жүргенде, қолыма құрық ұстадым. Жүзбай ағашы мен Мыңбай ағашының ортасына жайып, жылқы бақтым. Құрсай деген жерде тары алқабы болды. Шіркін, ол да ас еді. Қазақ “Қырық жылда қазан жаңа, елу жылда ел жаңа” – дейді. Қазір заман түзу. Берекелі, бейбіт тірлік кешудеміз. Соны сақтау керек! – деді қария.
Тоқсанның төріндегі Ағылшын әже үшін де өмір мектебі ерте басталған. Екінші сынып бітірген жылы егін даласына қызметке кетіпті. Замандастары Жамған Сұлтанова, Гүлжан Шарипова әжелердің тағдырлары ұқсас. Бәрі де – балалықтарын еңбекке айырбастағандар.
Ал, бұйырса бес жылдан кейін жүздің ауылына қонғалы отырған Қаршыға қарияның кеудесінде самсаған орден – медаль оның өнегелі өмірінің сырын шертіп сыңғырлайды. Ауылшаруашылығы саласының өз адамы бүгін ұлы Қанаттың төрінде аяулы ата болып, шөберенің маңдайынан иіскеп отыр.
Қаршыға Шамар 1991 жылы Социалистік Еңбек ері атағына ұсынылған. Бірақ, атақ берілмеген.
Шаңырақтарына барып, мемлекеттік награда тапсырған аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қарттарға деннің саулығын, ұрпақтың қызығын тіледі.
Жылышырайлы жүздесулерге журналист, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Мүсірбек Айташев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева бірге қатысты.
Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тыл еңбеккерлеріне Жеңіс мерекесіне орай 50 мың теңгеден сыйақы аударған.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991214?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version