Мүгедектік белгілеу құқығын қорғауға жәрдем көрсету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 13 наурызда Қобда ауданына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында жүріп-тұруы шектеулі, бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж аудан тұрғынына мүгедектік белгілеу мәселесі бойынша өтініш түсті. Өтініште денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты мүгедектік рәсімін жеделдетуге көмек көрсету сұралды.

Аталған мәселе бойынша Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Алынған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы қаңтар айынан бастап азаматтың жағдайы күрт нашарлап, өздігінен қозғалу, өз-өзіне қызмет көрсету, несеп және үлкен дәрет функциялары бұзылғаны анықталған. Невропатологтың тағайындауы бойынша амбулаторлық ем қабылдаған, алайда оң нәтижелер болмағандықтан, 2025 жылғы 27 наурызда Қобда аудандық ауруханасына жатқызылған.

Стационарлық емнен кейін азамат медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолданып, тексеріс нәтижесінде 2025 жылғы 25 сәуірде оған қайта куәландыру мерзімінсіз І топ мүгедектігі белгіленді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/991515?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version