Отан қорғаушылар күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов бастаған басшылық құрамы, ардагерлер кеңесі мен ведомстволық Ту тобы Петропавл қаласындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Полиция қызметкерлері қазақ халқының даңқты ұлдарына тағзым етіп, гүл себетін қойды. Іс-шараға сондай-ақ полицейлермен бірге әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, ардагерлер, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, студенттер, мектеп оқушылары мен отбасыларымен келген қала тұрғындары қатысты.
Қарасай мен Ағынтай батырлар – сыртқы жауға қарсы күресте ерен ерліктің, рух пен табандылықтың символына айналған тұлғалар. Бүгінде олардың рухына тағзым ету арқылы жиналғандар тек жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарды ғана емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандастарымыздың ерлігін де еске алды. Шара бейбіт елдің бүгінгі болашағы үшін жанын пида еткен батырлардың рухын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/991198?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау