Қаражал қаласында «Жас Ұлан – 2025» қалалық әскери-патриоттық сайысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қаражал қаласында жастар арасында «Жас Ұлан – 2025» атты қалалық әскери-патриоттық сайыс өтті. Іс-шараға мектептер мен колледждердің командалары қатысып, өздерінің күш-жігері мен патриоттық рухын көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылар саптық дайындық, АК-74 автоматын жинау мен бөлшектеу, пневматикалық мылтықпен ату сияқты әскери жаттығуларда бақ сынасты.

Қазылар алқасының құрамында:
– Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Кулумбетов Досбол Бүркітұлы
– Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Макажанов Арман Рысқалиұлы
– Қаражал қалалық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Жақаев Алмаз Жомартұлы

Сайыс нәтижелері бойынша:

🏆 *1 орын* — №3 жалпы білім беретін мектеп
🥈 *2 орын* — №1 жалпы білім беретін мектеп
🥉 *3 орын* — №7 жалпы білім беретін мектеп

Арнайы номинациялар бойынша:
– *Үздік АК-74 жинаушы-бөлшектеуші*
– *Үздік мерген*
– *Үздік командир*
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/991199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version