Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы және айыппұл салу туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев, қосымша баяндаманы Төлеби аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесі бастығының орынбасары Ерболат Бақтыбайұлы жасады.
Көктем мезгілінде 18 рет сенбілік өтіп, өзен бойлары, жағалаулар тазаланды. “Таза табиғат” кезеңіне сай тазалық шарасын өткізу жоспарланған. “TazaQazBot” телеграмм жүйесіне 72 шағым түсіп, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылды. ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексіне сәйкес, елді мекендерде бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан өндірілетін айыппұлдар салу іс-шара жоспарында көрсетілгендей 505 бап бойынша 1 966 000 теңге, 434 -2 бап бойынша 5 014 465 теңге өндірілді.
Заңсыз соғылған құрылыс нысандары жайында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев хабарлады.
Ауданда 85 нысанда заңсыз құрылыс жүргізілсе, оның 11 демалыс аймағының құрылысы, 48 нысан ауыл шаруашылығы, 26 тұрғын үй құрылысы үшін. Заңсыз салынған коммерциялық нысан саны 15, тұрғын үй саны 396, 2010 жылға дейін салынған 156 үй, сот шешімімен заңдастырылған 171 үй.
Облыс әкімі және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай хабарлады.
Облыс әкімінен 45 тапсырма, 11 орындалды, 27 тапсырма бойынша тұрақты жұмыстар атқарылуда, 2 орындалмаған. Аудан әкімінің тапсырмаларына сай 17 хаттама түзіліп, 123 тапсырма берілген.
Аудан әкімі күн тәртібінде қаралған әрібір мәселенің өзектілігіне тоқтала кетіп, қай салада болмасын жұмыста салғырттық танытуға болмайтынын айтты. Жұмысқа салғырттық танытқан сала басшыларына қатаң ескерту жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды. Күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек ауыз су жеткізу, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру, заңсыз құрылыс нысандарын жүргізудің алдын алуға бағытталған жұмыстардағы кемшіліктерді қалпына келтіруді тапсырды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау