«Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік  медальдарын табыс ету 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы  Жеңіс күні  қарсаңында Павлодар қалалық  мәслихатының  депутаттары «Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік  медальдарын табыс ету салтанатына  қатысты.

Марапаттар ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына — сұрапыл соғыс жылдарынан аман қалған және жеңісті жақындатуға жанқиярлықпен зор үлес қосқандарға берілді.

Әрбір табыс етілген медаль – құрмет, ризашылық, жоғары бағалаудың және біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы.

Қалалық мәслихат депутаттары құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздерді халқымыздың тірі тарихы, Павлодар мен бүкіл елдің мақтанышы, кейінгі толқын жастар үшін қайрат  пен шабыт көзі деп білеміз.

Ұлы Жеңіс туралы естеліктер жадымызда мәңгі сақтала отырып, ұрпақтарды бірлікке шақырады, бейбіт өмірдің мәнін  арттырады деп сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/992196?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version