Асхат Шахаров өңірде алғаш рет сахналанған «Әлия» мюзиклін тамашалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мюзикл Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында сахналанды. Туындыда Әлияның балалық шағынан бастап, майдандағы ерлік жолы сахналық көріністер арқылы әсерлі жеткізілген.

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ұсынған премьераны қалың көрерменмен бірге облыс әкімі Асхат Шахаров та тамашалады. Спектакльден соң, әртістермен кездесіп, алған әсерін жеткізді, шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, театр ұжымына Ақтөбеде салынатын жаңа театрдың құрылысы туралы айтты.

Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өңір басшысы биыл Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы туралы сөз қозғаған.

«Ақтөбеліктер үшін бұл туындының мәні ерекше – Әлия осы өңірдің тумасы. Батыр қыздың 100 жылдығына арналған мәдени-танымдық шаралар жыл бойы жалғасады. Маусым айында Қобда ауданында этноауыл құрылып, ірі шара өтсе, облыс орталығында кең көлемді гала-концерт ұйымдастырылады. Сондай-ақ халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдар Әлия жайлы тың деректермен бөліспек», – деп жазған әкім барша тұрғындарды мерейтой аясында өтетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/992899?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version