Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Біржан Сал ауданының Кенашы ауылында өткен гүл қою рәсіміне қатысып, Ұлы Отан соғысының қаһармандарына құрмет көрсетті.
Бұл күн – халқымыздың қайсарлығы мен ерлігі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен әділдікке деген сенімінің нышаны. Жеңіс оңай келген жоқ – ол миллиондаған жанның өмірі, ерен еңбегі мен ерлігі арқасында қол жеткізілді.
Біз Жеңіс үшін жанын қиған ерлердің рухына бас иеміз. Елімізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Батырларымыздың ерлігі – ұрпақ санасында мәңгі сақталып, Ұлы Жеңіс тарихы әрдайым ел жадында болмақ. Бұл – бейбітшіліктің бағасын ұғындырып, бірліктің қадірін еске салатын мәңгілік мұра.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Ерлер есімі – ел есінде!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/992731?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау