Түркістан облысында Batyrlarga tagzym интерактивті платформасы іске қосылды
✔️Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысынан майданға аттанған 100 мыңнан астам батырлардың есімдері енгізілген цифрлық Batyrlarga tagzym интерактивті платформасы іске қосылды. Платформада батырлардың есімдерімен қатар архивтік фотосуреттер мен құжаттар цифрлық форматта ұсынылған.
Қазіргі таңда Ресей мемлекеттік базаларымен интеграция жасау арқылы платформаның деректерін толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Платформаны қолдану үшін “Жеңіс” саябағында үш интерактивті LED экран орнатылды. Мерекелік шараға қатысушыларға өз ата-бабаларының есімін іздеп, олардың ерліктері мен тарихи деректерімен, өмірбаянымен танысуға мүмкіндік берілді.
Ер есімі — ел есінде. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
—————-
В Туркестанской области запущена интерактивная платформа Batyrlarga tagzym
✔️В честь 80-летия Победы в Великой Отечественной войне в Туркестанской области была запущена цифровая интерактивная платформа Batyrlarga tagzym, в которую внесены имена более 100 тысяч героев, отправившихся на фронт из региона. Помимо имён, на платформе представлены архивные фотографии и документы в цифровом формате.
В настоящее время продолжается работа по дополнению базы данных за счёт интеграции с государственными архивами Российской Федерации.
Для доступа к платформе в парке «Жеңіс» были установлены три интерактивных LED-экрана. Участники праздничного мероприятия смогли найти имена своих предков, ознакомиться с их подвигами, биографиями и историческими сведениями.
Имя героя – в памяти народа. Никто не забыт, ничто не забыто!
#ҰлыЖеңіс80, #Ардагерлерге_тағзым, #Тағзым_ветеранам #Түркістаноблысы #Жеңіскүні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/993738?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау