ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИБРАГИМОВТЕР ӘУЛЕТІ 8 ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында атадан балаға, одан немереге жалғасқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Олардың бірі Арыс қаласындағы теміржолшылар династиясының бірі – Ибрагимовтер әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 15 баланың барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. Биыл 100-ден асып, өмірден өткен Салтай атадан тараған ұл мен немерелерінің теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 800-жылдан астам уақытты құрайды. Ибрагимовтер – Қазақстан бойынша ең көп теміржолшылар шыққан әулет. Соғыс жылдары басталған әулеттен күні бүгінге дейін 50-ден астам теміржолшы шыққан.
«Бүгінде әкемізден тараған барлығы 15 бала, 70 шақты немере мен 145 шөбере, 2 шөпшек бар. Әкеміз Салтай Ибрагимов 1926 жылы дүниеге келіп, биыл жуырда дүниеден өтті. 1950 жылы шаңырақ көтеріп, анамыз екеуі өмірге 7 ұл, 8 қыз әкеліп, өсіп-өнген үлкен әулетке айналдық. Әкеміз вагон жөндеу депосында слесарь, сосын вагон қараушы, кейіннен ауысым бастығы болып ұзақ жылдар абыроймен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.», – деді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/993300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version