Жеңіс күніне арналған «Мамыр жұлдыздары» атты майдан және әскери әндер байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
7 мамыр күні Аққайың ауданында Жеңіс күніне арналған «Мамыр жұлдыздары» атты майдан және әскери әндер байқауы өтті. Ауылдық округтерден келген қатысушылар соғыс жылдарындағы әндерді, бейбітшілік пен батырлықты дәріптейтін шығармаларды орындады.
Сондай-ақ, алғаш рет ауданымызда брейк-данс баттлы өтті, онда Солтүстік Қазақстан облысының жасөспірімдер брейкинг құрамасы көрерменге жарқын әрі әсерлі өнерін паш етті. Заманауи өнер мен патриоттық сезім үйлесім тауып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Вокалдық байқау қорытындысы бойынша:
1 орын — Махаббат Кабиева «Тучи в голубом», Смирново ауылдық округі;
2 орын — Мадина Абдураимова «Алия», Григорьевка ауылдық округі;
3 орын — Светлана Юрманова «Встанем», Власовка ауылдық округі.
Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталғандар:
Новоселовтар триосы — «Журавли», Черкасское ауылдық округі;
Еслямова Гүлназия — «Соғыстан соңғы ән», Аралағаш ауылдық округі;
Вероника Қадырбекова — «Соғыс әндерінен поппури», Смирново ауылдық округі;
Бауржан Байзұлда — «Это всё», Қиялы ауылдық округі;
Вокалды-аспаптық ансамбль: Арыстан Қарапов және Польгун Светлана, Шағалалы ауылдық округі;
Астраханка ауылдық округі квартеті — «Журавли»;
Мадина Сердалинова — «Ты же выжил, солдат», Лесной ауылдық округі;
Татьяна Попова — «Сын артиллериста» өлеңін оқу, Астраханка ауылдық округі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/993301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version