ЖЕҢІС РУХЫ – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: ПОЛИЦИЯ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘСЕРЛІ КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласының орталық саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық іс-шара өтті. Мерекелік бағдарламаны Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мен «Жас сақшы» мамандандырылған сыныптарының оқушылары бірлесіп ұйымдастырды.

Кештің басты оқиғасы – полиция қызметкерлері дайындаған концерт болды. Сахнада шырқалған соғыс жылдарының әндері көрермендердің жүрегін тербеп, көздеріне жас ұялатты. Қошемет, мақтаныш пен алғыс сезімі кеш бойы жалғасты. Әншілердің жүрекпен орындауы қарттарды да, жастарды да бейжай қалдырмады.

Салтанатты шара аясында полиция қызметкерлері мен кадеттердің қатысуымен Офицерлік бал да ұйымдастырылды.

– Біз музыка мен Жеңіс әндері арқылы сол дәуірдің рухын жеткізіп, ардагерлерге құрметімізді білдіруді, бейбітшілік пен еркіндіктің қаншалықты қымбат екенін еске салуды мақсат еттік, – деді кеш ұйымдастырушылары.

Қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің шынайы ықыласпен ұйымдастырған өнерлерін жоғары бағалап, тарихи жадыны сақтауға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Мерекеге қатысқан ардагерлер де орындаушыларға ерекше лебіздерін айтты.

Мұндай мазмұны терең, мағынасы зор іс-шаралар патриоттық рухты нығайтып қана қоймай, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/993265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version