Махамбет аудандық мәслихатының кезекті 29-сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезекті 29-сессиясын 2025 жылдың 14 мамыры күні сағат 15:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
29-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
- Ауданда салық түсімдерінің орындалысы туралы
Хабарламашы: Жумағалиев Нұрлан Гайдарұлы – аудандық кірістер басқармасының басшысы
- Аудан бюджетінің 2024 жылға атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы
Хабарламашы: Қабдолова Ажар Серікқалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- «Махамбет ауданы бюджетінің 2024 жылға атқарылуы туралы» Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы
Хабарламашы: Рашов Жантөре Сәкенұлы – Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
4. Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2025 жылдың 14 мамыр күні сағат 10-00 –де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/994098?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау