Туберкулез – ауа-тамшылы жолмен таралатын инфекциялық ауру.
Инфекцияның негізгі көзі – өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар. Кейбір жағдайда ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелердің туберкулезі болуы мүмкін.
Адамда өкпе туберкулезі ешқандай белгілерсіз жасырын түрде жүруі мүмкін.
Туберкулезді, ең алдымен, туберкулез микобактериясын бөлетін науқас адамнан (түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде) жұқтыруыңыз мүмкін.
Өкпе туберкулезінің негізгі белгілері – аурудың асқынған сатысында пайда болатын жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, дене салмағының төмендеуі, жалпы әлсіздік. Сондықтан тек тұрақты флюорографиядан өту адамда туберкулезді бастапқы кезеңде және сонымен бірге белсенді туберкулез, ісік және пневмония жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Туберкулезді ерте диагностикалау және уақтылы емдеу арқылы ауруды қысқа мерзімде емдеуге және туберкулездің асқынған түрлерін болдырмауға болады. Туберкулездің асқынған жағдайлары: жедел және созылмалы диссеминирленген туберкулез, туберкулезді менингит, казеозды пневмония, өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі, асқынулары бар өкпеден тыс туберкулез.
Бүгінгі күні туберкулезді ерте анықтаудың әртүрлі әдістері бар. Олардың ішінде флюорография туберкулезді ерте анықтау әдістерінің бірі болып табылады.
Республикада қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес флюорография арқылы туберкулезді анықтау ауруға қауіпі жоғары халықтың мақсатты тобы мен міндетті флюорографиялық тексерілуге жататын адамдар арасында жүзеге асырылады.
Халық арасында флюорография арқылы туберкулезді анықтау 15 жастан бастап жүргізіледі. Қалалық жерлерде флюорографиясы оң нәтижелі болған адамды толық тексеру кезеңі екі аптадан аспайды, ауылдық жерлерде – бір ай болады.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және стационарлық жағдайларда флюорографиялық түсірімді талдау екі кезеңмен (екі рет оқу) жүргізіледі. Жеке медициналық кітапшалардағы жұмысқа рұқсат қайта (екінші) оқу нәтижесі негізінде қойылады.
Өкпені жыл сайынғы флюорографиялық тексерістен өткізу аурудың ауыр түрлерін болдырмауға кепілдік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/994404?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау