Бұқар жырау ауданының Жаңаталап ауылындағы фермер «Сарыарқа» ӘКК арқылы 2,5%-бен 500 млн теңгеге жеңілдікті несие алып, заманауи «Фрегат» суару машиналарын сатып алды. Әрбір екі қондырғы күніне 100 гектарға дейін жерді суаруға қабілетті, бұл дала жұмыстарының тиімділігін айтарлықтай арттырады. Қазір техника монтаждалуда, іске қосу мамыр айының соңына жоспарланған.
«Нұр-Әділ» ШҚ және «Дарас ЛТД» ЖШС басшысы Еркін Ахметов жеті тамшылап суару машиналарын сатып алды: төрт қондырғы – несиелік қаржыға, үшеуі – жеке меншік қаражатқа.
Олар ауыл шаруашылығы дақылдарын, көпжылдық шөптерді, картоп пен басқа да көкөністерді суаруға арналған. Топырақты жапырақтан бастап түбіріне дейін біркелкі ылғалдандырады, бұл өнімділікке оң әсерін тигізеді.
«Нұр-Әділ» шаруа қожалығы мен «Дарас ЛТД» ЖШС 3 мың гектар жерді өңдейді. Картоп, сәбіз, қырыққабат, қызылша, бидай және арпа өсіреді.
Бұрын суару үшін трактормен байланыста жұмыс істейтін ДДТ-100 жаңбырлату агрегаты пайдаланылған.
Жоспарда 2 мың гектарды суармалы алқапқа айналдырып, суару техника паркін біртіндеп 40–50 қондырғыға дейін кеңейту көзделген.
– Бұл үлкен қолдау. Суаруға жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосқаннан кейін біз оны бірден пайдаландық. Бұл ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай серпін береді. Өнімділік суаруға тікелей байланысты. Біз техниканы – тракторларды, комбайндарды, егіс кешендерін 70%-ға жаңарттық. Жаңартуды жалғастырамыз. Сондай-ақ тыңайтқыштар сатып алдық. Жұмыс жүріп жатыр, – деді Еркін Ахметов.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/994403?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау