2025 жылғы мамыр айының 21-31 аралығында аралығында Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» 1-лек бойынша өтінімдер қабылдау басталады.
Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті (1 572 800 теңге) құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет қана беріледі.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
– қоныс аударушылар;
– қандастар;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Егер де аталған санаттың бірі болған жағдай да:
– Жұмыссыз немесе 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы шарт.
– «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
– порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
– өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/995006?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау