Тыл ардагерін құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасы Жалғас Ташуов Саралжынға барған жұмыс сапары аясында ауылдың ең үлкен қариясы, тыл ардагері, көпбалалы ана Жұмақия Күселбаеваның шаңырағына арнайы барып, кейуананы торқалы тоқсан жасымен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
Жұмақия анамыз отағасы Құбайтпен отыз бес жылдай мал бағып, адал еңбектерімен еңсе тіктеген екен. Етегінен өрбіген ұл-қыздарынан немере-шөбере, жиен-жиеншар көріп отырған жайы бар.
-Жұмақия әжеміз қаншама қайғы көрсе де боркеміктікке салынбай, барға қанағат етіп, тәубесінен жаңылмай, әдемі қартайған адам. Тоқсанға келсе де бір көрген адамын ұмытпай, бала-шағамызға дейін түгендеп отырады, – дейді округ әкімінің міндетін атқарушы Мирхат Бадиров.
Мерейтой иесі де өз кезегіне арнайылап кеп, тілектерін арнап, құрмет көрсеткен қонақтарға батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/995005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version