Павлодарлық оқушылардың экологиялық форумдағы жетістіктері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің экология және туризм орталығында жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің «Табиғатты аяла» республикалық форумының қалалық кезеңіөтті. Мақсаты – білім алушылардыт абиғатты қорғау қызметіне баулу, туған өлкенің табиғатына экологиялық мәдениет пен экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.

– Форумға «Жасыл клуб», «Жасыл сахна», «Экоблогер», «Үздік эко – дизайн» номинациялары бойынша қаланың 17 жалпы білім беретін мектептерінен 12 – 17 жастағы 54 оқушы қатысты. Форум қорытындысы бойынша 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын 5 қатысушы, II орын – 7, III орын – 10, – деді ұйымдастырушылар.

Форум шарттары бойынша «Жасыл клуб» номинациясында қатысушылар «Жасыл қала», «Болашаққа бағдар», «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» үш бағыты бойынша зерттеу жобаларын қорғады.

«Жасыл қала» бағытында № 31 ЖОМ оқушысы үздік атанды, II орынды № 41, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептердің оқушылары, III орынды № 30 ЖОМ оқушысы иеленді. «Болашаққа бағдар» бағытында А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушысы I орын, № 17, 33 ЖОМ оқушысы II орын, Р. Нұртазина атындағы ЖОМ (2), А. Бөкейхан атындағы оқушылары III орын алды.

«Жасыл сахна»номинациясында № 40 ЖОМ оқушылары I орын (3), № 33 ЖОМ оқушылары ІІ орын, Малайсары батыр атындағы ЖОМ оқушылары ІІІ орын (4), М. Әлімбаев атындағы ЖОМ оқушылары (5) иеленді. Олар креативті және қызықты түрде экологиялық мәселелерге арналған қуыршақ қойылымын көрсетті.

«Экоблогер» номинациясында М. Әлімбаев атындағы, № 25 ЖОМ оқушылары I орын, II орынды А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары, III орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ оқушылары, № 33, 17 оқушылары алды.

«Үздік эко-дизайн»номинациясында № 17 ЖОМ оқушысы I орын, № 40 ЖОМ оқушысы II орын, № 17, 33 ЖОМ оқушылары III орын, әртүрлі қалдықтар мен қайта өңделетін материалдарды, қаптамаларды, қызмет еткен заттарды пайдалана отырып, қол өнер бұйымдары үшін орын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/994430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version