«Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» облыстық тәжірибелік семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері үшін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  №37 көпбейінді  орта мектеп базасында 2025 жылдың

13 мамырында «Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – мектепалды даярлық сыныптарынан, балабақшадан мектепке көшу кезінде сабақтастық пен сәтті бейімделуді құру, жас ерекшеліктерін ескере отырып үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету және жеке даму картасын толтыру бойынша  іс – тәжірибелермен  бөлісу.

Cеминарда спикерлер мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке сәтті бейімделуі  және бастауыш буын арасындағы сабақтастық бойынша ашық сабақтар, шебер сыныптар көрсетіп, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша  іс- тәжірибелерімен  бөлісті.

Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version