Жағатал ауылдық округінде Аналар күніне орай іс-шара өтті.
Жағатал ауылдық округі әкімшілігінде Аналар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара – аналарымызға деген шексіз құрметтің, махаббаттың және алғыстың белгісі ретінде өтті.
Іс-шараға Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, сондай-ақ округ жанындағы «Ақ-Зере» әжелер ансамблінің белсенді қатысушылары шақырылды. Жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында округ әкімшілігінің қызметкерлері жылы лебіздерін білдіріп, аналардың қоғамдағы, отбасындағы айрықша рөлін атап өтті. Қатысушылар бір-бірімен жылы жүздесіп, аналарға арналған жүрекжарды тілектерін арнады.
Шара соңында Жағатал ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен ақ жаулықты аналарымызға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, олардың еңбегі мен мейіріміне алғыс айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/994425?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау