№36 қалалық емханада онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – халық арасында онкологиялық сақтықты арттыру және профилактикалық тексерудің маңызын еске салу.
Ашық есік күніне Алматы онкологиялық орталығының мамандары – онкохирург, онкомаммолог және онкогинеколог арнайы шақырылды.
Іс-шара аясында кіші жамбас ағзаларына, қалқанша безге және сүт бездеріне УДЗ жүргізілді.
Медициналық қызметкерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, скринингтік тексеру мен түсіндіру жұмысын жүргізді.
Мұндай іс-шаралар денсаулыққа қамқорлық жақын жандарға деген жанашырлықтан басталатынын тағы бір дәлелдейді.
Емхана өкілдерінің айтуынша, мұндай науқандар алдағы уақытта да жалғасады, өйткені уақтылы диагностика – сәтті емнің кілті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/996985?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау