2025 жылғы 14 мамырда М.Д.Маликованың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14 мамырда М.Д.Маликованың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. 2024 жылғы қала бюджеті мен ауылдық бюджеттердің атқарылуына,   сондай-ақ сайлау комиссияларының жұмысына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібі аясында экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Корабаеваның 2024 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, ауылдық округтер, ауылдар мен поселкелер  әкімдерінің өткен жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептері ұсынылды.

Депутаттар 2023 жылғы 26 желтоқсандағы шешіммен бекітілген сайлау комиссияларының құрамына енгізілген өзгерістерді қарады.

Қаралған мәселелер мақұлданды және сессияда бекітуге ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/996630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version