Облыс әкімі өнер майталмандарын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда


Бүгін облыс орталығында Халықаралық отбасы күні аясында әнші, композитор, Қазақстан Республикасының Композиторлар одағының мүшесі Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтеді.

Кеш қонақтарын облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдап, өнер майталмандарына құрмет көрсетті. Олар – Халық әртісі Майра Ілиясова, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан Өнербаев, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония әншісі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы, отбасылық өнерлерімен танылған жерлестеріміз – Қанат-Света Айтбаевтар мен Мирас-Құралай Бекжановтар.

Қабылдау кезінде отбасы құндылықтары мен өнердің қоғамдағы маңызы туралы сөз болды. Өнер әлемінде отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген Дулат пен Рита Айтжановтарға алғысын жеткізіп, бүгінгі шығармашылық кештің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді. Композиторға «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

«Отбасы – махаббат пен мейірімнің, рухани-мәдени құндылықтардың сақтаушысы. Бүгінгі кеш – осының айқын дәлелі. Өнер мен отбасын қатар ұлықтап жүрген Дулат пен Рита сынды өнерлі жұптар – халқымыздың бай мәдениетінің айнасы», – деді облыс әкімі.

Асхат Шахаров өз сөзінде өңірдің мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Биыл облыс орталығында жаңа театр ғимаратының бой көтеруі жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өнер адамдарын қолдау, халықаралық тәжірибе алмасу, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын тілге тиек етті. Қонақтар да өз кезектерінде көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.

«Бүгінгі шығармашылық кешіміз Халықаралық отбасы күніне арналып отыр. Ақтөбе қазір өнердің тайқазанына айналды. Ақтөбе жұртшылығының өнерге және өнерпазға деген құрметін бойымызға сіңіріп, әбден тәнті болған жайымыз бар. Елдің абыройын асқақтатып, мерейін тасытып жатқан өнерпаздарға көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Өзінің жемісін бере берсін», – деп мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан Өнербаев сөзін түйіндеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/996629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version