Ақтөбеде жаңа театр құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде заманауи облыстық драма театрын салу жоспарлануда. Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжат әзір. Қазір жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Сарапшылар оң қорытынды шығарса ғимараттың құрылысы ағымдағы жылы басталып, екі жыл ішінде аяқталуы тиіс.

81 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ескі театр ғимараты 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта онда екі театр труппасы жұмыс істейді — қазақ және орыс. Айта кетейік, театр әрдайым ақтөбеліктердің сұранысына ие.

“Орын жетіспейтін кездер болады. Көбіне спектакльдер толық аншлаг жинайды, қосымша премьералық көрсетілімдер ұйымдастыруға тура кеп жатады”, – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Артем Москаленко.

Жаңа театрдың қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы өңірге сапары кезінде атап өткен болатын. Ғимарат “Алтын Орда” шағын ауданында салынады. Жаңа театрда екі зал, сахнада бұрылыс шеңбері, сондай-ақ гримерлер мен костюмерлерге арналған кең бөлмелер болады. Сондай-ақ театрдың жанында үлкен саябақ салу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/996627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version