ӘР ЖАНҰЯ КІТАП ОҚЫСЫН!
Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов мәдениет және кітапхана салаларының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев және бірқатар депутаттар мен бөлім басшылары қатысты.
Жиын отырысында салалардың тынысы – атқарылған жұмыстары, жоспарлары тыңдалды.
Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметова ханым баяндаған сандық ақпараттарына сүйенсек, 2024 жылы кітап қоры-339685 дана басылым болса, соның ішінде қазақ тіліндегісі -178628 дана. Оқырман саны -13015.
Кітап қоры өткен жылы 2764 дана жаңа әдебиетпен толыққан.2025 жылдың 4 айында 5900 оқырманға 62500 дана берілген.
Сонымен қатар кітапхана жүйесінің директоры мекеме бюджеті, материалдық-техникалық база, кітапханалардың ағартушылық, ақпараттық, мәдени және коммуникативтік қызметіне және кітапханалық байқаулар жөнінде де мәліметтер ұсынды.
Баяндама соңында Серік Әнуарұлы кітапхана қызметкерлеріне алдағы жаз айларын пайдалана отырып, Абдолла Жұмағалиев, Қадыр Мырза Әлі секілді жерлес тұлғаларды ұлықтау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруға тың идеялар қосты.
– “Әр отбасы тұрақты кітап оқуды дәстүрге айналдыруына жұмыстаныңыздар.”- деп, тапсырма берді.
“Демалыс орталығы” МКҚК директоры Эльдар Аубекеровтің жұмысы ел алдында. Бірақ жасалған жұмыстың сарап – салмағы, алдағы күндердің жоспар – жобасы бар. Эльдар Айдарұлы ол туралы да баяндады.
Серік Әнуарұлы мәдениет саласына ардагер өнерпаздардан “Ағалар алқасы” секілді алқа құру, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына атаулы даталар аясында кеңінен шаралар өткізуді жалғастыру, халықтық ұжымдардың жұмысын жандандыру, дәстүрлі әнге көп көңіл бөліп, кеңінен насихаттау, жерлес ақын-жазушы Бауыржан Ширмединұлының Абдолла хақындағы “Күлден шыққан гүл” атты поэтикалық трагедиясын барлық аудандар мен ауылдардың сахнасына қою секілді тапсырмалар берді.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
Сырым ауданы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/995819?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау