Құрметті қонақтар мен Қарағанды облысының тұрғындары!
Егер Сіз объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына тап болсаңыз немесе халықтың денсаулығын қорғау бойынша өзге де сұрақтарыңыз болса, әрбір қала мен ауданда бар объектінің орналасқан жері бойынша облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына өтініш жібере аласыз.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының негізгі жадынамасы:
Сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау;
Ауыз судың, ауаның, топырақтың, азық-түлік өнімдерінің сапасына қадағалау жүргізу;
Жұқпалы және паразиттік, аса қауіпті аурулар мен жаппай уланудың алдын алу мақсатында індетке қарсы іс-шаралар жүргізу;
Маңызды ақпарат:
Азаматтардың өтініштерінде көрсетілген деректер бойынша жоспардан тыс тексерулер дәлелді негіз (фото/видео материалдар, фискалдық чек, зертханалық өлшеу хаттамалары және т.б.) болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Өтінішті қалай беруге болады:
Е-otinish.kz порталы арқылы немесе тікелей тапсыру арқылы.
– Қарағанды облысының СЭББ (Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2-үй, тел: 8(7212) 41-14-53)
– Қазыбек би ауданының СЭББ (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 46/3-үй, тел: 8(7212) 51-96-91)
– Әлихан Бөкейхан ауданының СЭББ (Қарағанды қаласы, Зелинский көшесі, 23-ғимарат, тел: 8(7212) 53-07-28)
– Теміртау қалалық СЭББ (Теміртау қаласы, Фурманов көшесі, 2А, тел: (7213) 93-33-00)
– Балқаш қалалық СЭББ (Балқаш қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 38-үй, тел: 8(71036) 4-36-04)
– Приозерск қалалық СЭББ (Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 6/2, тел: 8(71039) 5-41-13)
– Саран қалалық СЭББ (Саран қаласы, Елизавета Зимина көшесі, 11-үй, тел: 8(72137) 7-67-82)
– Шахтинск қалалық СЭББ (Шахтинск қаласы, Ленинград көшесі, 81-үй, тел: 8(72156) 5-06-79)
– Абай ауданының СЭББ (Абай ауданы, Абай қаласы, Гёте көшесі, 26-ғимарат, тел: 8(72131) 4-16-68)
– Ақтоғай ауданының СЭББ (Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, С. Оразалин көшесі, 1-үй, тел: 8(71037) 2-12-42)
– Бұқар жырау ауданының СЭББ (Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі, 21-үй, тел: 8(72154) 2-12-59)
– Қарқаралы ауданының СЭББ (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, В. Рей көшесі, 33/2, тел: 8(72146) 3-13-81)
– Нұра ауданының СЭББ (Нұра ауданы, Нұра кенті, Ардагерлер көшесі, 38-үй, тел: 8(72144) 2-22-65)
– Осакаров ауданының СЭББ (Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла – Байғабылов көшесі, 50/1, тел: 8(72149) 4-19-09)
– Шет ауданының СЭББ (Шет ауданы, Ағадыр кенті, Абай көшесі, 59-үй, тел: 8(71033) 2-74-35).
Сіздің өтініштеріңіз өңір тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін құқық бұзушылықтарды анықтап, жоюға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/996969?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау