ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші болып қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков қалалық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің соңғы қоңырау іс-шарасы және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндап өтті.
 
Жалпы білім бөліміне қарасты 31 мектеп бар, оның ішінде 23 мемлекеттік, 8 жекеменшік мектеп бар. Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің саны – 1075. Оның ішінде 47 оқушы ҰБТ-ге қатыспайды. Қазіргі таңда қалған балалар барлығы дерлік әр кезең бойынша тест тапсыруға даярлық үстінде.
 
Екінші болып Кентау қаласы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Әріп 2025 жылдың 1тоқсанына бекітілген жоспардың орындалуы бойынша мәлімет берді.
Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша салық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскенін баяндады.
 
«Сонымен қатар Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Атап айтқанда қала және ауыл аймақтарында кәсіпкерлік нысандарында көлеңкелі экономиканы болдырмау мақсатында тұрақты түрде тақырыптық тексерулер тағайындалуда. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарды қайта бағалау жұмыстары үздіксіз атқарылуда» деді Н.Әріп.
 
Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселелерді көтеріп, тапсырмсалар жүктеді.
 
Сондай-ақ жиын барысында жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шараларын талқылады. Қала әкімі шомылу маусымында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, қоғамдық жағажайлар мен бассейндердің санитарлық және техникалық талаптарға сай болуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, дала өрттерінің алдын алу бағытында тиісті шараларды уақытылы жүзеге асыру қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/995663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version