Қазақстан ТЖМ өкілдері Леондинг қаласында (Австрия) «Rosenbauer» зауытына, муниципалды өрт сөндіру бөліміне барды.
Сапардың мақсаты – заманауи өрт сөндіру машиналарына енгізілетін жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді зерделеу.
Қазақстандық делегация ерікті өрт сөндірушілер қызметінің ұйымдастырылуымен, жеке құрамды даярлау және оқыту жүйесімен сондай-ақ жеке құрамның қызмет атқару шарттарымен танысты. Депоны техникалық жарақтандыруға, өртті сөндірудің заманауи әдістеріне, оның ішінде электромобильдердің қатысуымен және ТЖ жою кезінде инновациялық шешімдерді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Сапар барысында ТЖМ делегациясы компанияның өндірістік қуаттарын қарап, өрт сөндіру және құтқару техникасы саласындағы озық технологиялармен танысуды, электромобиль индустриясын дамытудың әлемдік үрдісін ескере отырып, осы кәсіпорынның іске асырылған идеяларын талдауды жоспарлап отыр.
Сапар серіктестік байланыстарды нығайтудағы және азаматтық қорғау саласында тәжірибе алмасудағы маңызды қадам болады. Тараптар одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, Қазақстандағы «Rosenbauer» өндірісінің отандық зауыттарымен бірлесіп оқшаулау бойынша одан әрі қадамдар белгіленді, бұл ТЖМ қажеттіліктерін ескере отырып, автотехника мен жабдықтарды уақтылы жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер кәсіби байланыстарды нығайтуға және қазақстандық бөлімшелердің тәжірибесіне озық шетелдік тәжірибені енгізуге ықпал етеді.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kps/press/news/details/995664?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау