Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Қарулы Күштері Тәуелсіздік жылдарынан бастап Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығының кепілі ретінде қалтқысыз қызмет атқарып келеді.
Ұлттың ұстыны, Отанның қорғаны, отбасының мызғымас тірегі болған азаматтарға артылар жүктің салмағы қашан да ауыр. Шекара шебінде сап түзеп, халықаралық қатынастардың нығаюына, түрлі күштік құрылымдарда қызмет ету арқылы қоғамның қауіпсіз күн кешуіне ықпал ететін әрбір Отандасымыздың еңбегі ерен. Мемлекеттік қызмет саласындағы ер-азаматтарымыз да еліміздің, өңіріміздің барлық бағыттағы өркендеуі жолында аянып қалмайды.
Атаулы күнде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте абырой тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұрақты, ел іргесі берік, жұртымыз аман болсын!
Ізгі ниетпен,
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы
Әзімхан Қойлыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995665?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау