Қостанайлық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында Эльнара Абдиназарова J1 санаты бойынша 60 келі салмақта ел намысын қорғады.
Өзінің бірінші белдесуінде Эльнара үндістандық Адиба Чудхариді небәрі 1 минут ішінде таза жеңіп, шеберлігін көрсетті. Алайда қола жүлде үшін белдесуде Түркия спортшысы Мерве Услу Хажабипурға есе жіберіп, әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады.
Эльнараның көрсеткен нәтижесімен мақтанамыз. Алдағы халықаралық жарыстарда жаңа белестерді бағындыруына тілекшіміз!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау