15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел қаупі кезеңі басталды. Өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан 13 сел қаупі бар ошақтары бар. Аталған аудандардағы таулардың жоғарғы жақтарында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасқан. Сел қаупі кезеңінде «Қазселденқорғау» мамандары көлдердің жай-күйін, олардың толымдылығын және сел мен сырғыма ағындарын қалыптастыруға ықпал ететін факторларды бақылауда ұстайды.
Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Олар негізінен автожолдар мен өзен бассейндеріндегі жағалық еңістер мен тау кесінділерінде орналасқан: Громотуха және Уба – Риддер қаласы, Бұқтырма, Хамир, Черновая – Алтай ауданы, Бұқтырма – Катонқарағай ауданы, Кендірлік – Зайсан ауданы.
Қауіпсіздік мақсатында сел қауіпті учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қауіпті учаскелерде мен 18 қалқандар орнатылды, сел қаупті ықтимал аймақтарда нысандары мен құрылыстары орналасқан жергілікті атқарушы органдарына, кәсіпорын басшыларына және жеке меншік иелеріне ұсынымдар берілді.
Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және жыл бойы жұмыс істейтін 1 гидропост орнатылған.
ШҚО ТЖД және ШҚ «Қазселденқорғау» филиалы сел тасқынының алдын алу арқылы ғана одан аман қалуға болатынын ескертеді. Осыған байланысты, сел, сырғыма қаупі бар аймақтардағы тауларға барудан бас тарту ұсынылады.
Туристер аймақтағы сырғыма шекараларының орналасқан жерлерімен алдын ала танысуы қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда, 112 нөміріне хабарласу қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/995912?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау