ШҚО-да ЖОО мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемендегі Республика алаңында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауқымды «Шығыс маманы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 2 мыңнан астам жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, студенттер қатысты.
Жәрмеңкеге 113 жұмыс беруші келді, оның ішінде 2000-нан астам жұмыс орнын ұсынған ірі кәсіпорын өкілдері де бар.
Шара ұйымдастырушысы – ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығы.
– Кеңес беру алаңдарында қызметкерлеріміз субсидияланатын жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар іс-тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобалары жайлы түсіндірді. Түрлі компаниялар 2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды, – деді Еңбек мобильділігі орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген түлектердің көбі жұмысқа тұру үшін іс-тәжірибеден өтуге, интервью-әңгімеге шақырылды, кейбіреулер тіпті бірден жұмыс тауып жатты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/996105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version