ШЫМКЕНТ: ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА
🔹 Ағымдағы жылдың 14 мамырында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысына қарасты «Южный Казахстан» – облыстық қоғамдық-саяси газетінің” редакциясына ҚР Еңбек кодексі талаптарының бұзылуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысымен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алуда атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы редакция ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
🔹 Мадина Сейдуалықызы еңбек ұжымына жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарында атқарылуы тиіс іс-шараларға ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/995710?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау