Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» атты шығармашылық байқауы қорытындыланды. Байқаудың іріктеу кезеңіне 17 аудан және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720-ға жуық балалар қатысып өз бағын сынады. Ақтық мәреге 4 кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алған.
Байқау 4 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде – қатысушылар жазушының шығармасыбойынша иллюстрациялық суреттер салды.
Келесі кезеңде – Мархабат Байғұт шығармаларынан(Прозасынан) мәнерлеп оқу.
Үшінші кезеңде – Шығармашылық жұмыс. М.Байғұттың журналистика саласына қосқан үлесі, жарық көрген мақалалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ал, байқаудың соңғы кезеңінде– Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым сахналанды.
Бұл байқау жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркіәлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері,Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Ерелхан Гауһар Төле би ауданы марапатталды.
Екінші кезеңде Мархабат Байғұт шығармаларынан (Прозасынан) мәнерлеп оқу бойынша I дәрежелі дипломмен Ғазизхан Рухшона, Сауран ауданы марапатталды.
Үшінші кезеңде – Шығармашылық жұмыс бойынша I дәрежелі дипломмен Тұрдалы Сымбат, Отырар ауданы марапатталды.
IV кезең – Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым бойынша I дәрежелі дипломмен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталды.
Айта кетейік, байқауды ұйымдастырушылар –Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен «Мархабат Байғұтқа 80жыл» жобасының жетекшісі «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/995711?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау