Таза Қазақстан: ақтөбелік пластик қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өз кәсібін ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбеде орналасқан Aktobe Plast кәсіпорны – бұл жай ғана бизнес емес, өңірдің экожүйесін жақсартуға бағытталға бастама.

Төрт жыл бұрын Ерлан Жолдасов полиопропилен материалын қайта өңдеу бойынша өз ісін бастады. Содан бері оның кәсіпорны үлкен белестерден өтті: бүгінде мұнда айына 40-100 тонна пластикті қайта өңдеуге мүмкіндік беретін ұсақтау аппараттары, ұсақтағыш және пресс-машинасы жұмыс істейді. Бұл кәсіп қоршаған ортаны тазартуға ықпал етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болуда.

“Атамекен” ӨКП мәліметінше, Aktobe Plast ЖК зауыттармен және компаниялармен, мысалы, Zetta және Центр крепежа сияқты компаниялармен белсенді серіктес, бұл тұрақты өткізуді жолға қоюға ғана емес, сонымен қатар өңделген шикізаттың жоғары сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді. Одан шелектер, ыдыс-аяқтар, ыдыстар және т. б. заттар жасалады.

Қайта өңделетін шикізатты қабылдау бағасы бір килограмына 50 теңге, тіпті көпшілік тегін тапсырады. Бұл экологиялық бастамаларға деген қызығушылықтың артуын және жергілікті тұрғындардың қолдауын көрсетеді.

Ерлан Ерусланұлы – эколог, дәлірек айтсақ, атмосфералық ауа инспекторы ретінде жұмыс тәжірибесі бола тұра бұл бизнеске жүрек қалауымен келді. Ол экожүйені жақсартуға және бөлінбейтін қоқыстарды азайтуға үлес қосуды өзінің азаматтық ұстанымы деп санайды. Оның жұмысы жай ғана бизнес емес, басқаларды өзгертуге шабыттандыратын маңызды миссия.

“Бүгінгі таңда Ерлан өз бизнесін дамыту үшін мүмкіндіктер іздеуде және субсидиялау шаралары мен кәсіпорынға қаржылық жүктемені төмендетудің басқа тетіктері бойынша кеңес алуды жоспарлап отыр. Оның өз кәсібін өсіруге және жақсартуға деген ұмтылысы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқысы келетін барлық кәсіпкерлер үшін үлгі болып табылады. Кәсіпкерлер палатасы қандай да бір бастаманы қолға алғысы келетін азаматтарға кеңес береді, және жеке кәсіпкердің салалық кеңестің құрамына кіру мәселесін пысықтайды”, – деп түсіндірді ӨКП директорының орынбасары Владимир Сухорученко.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/996993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version