18 мамыр – Түркі жазуы күніне және Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Қарағанды облысының мемлекеттік архиві мекемесінде диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Архив қызметкерлері «Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында диктант жазып, данышпан ақынның шығармашылығы туралы мағлұмат алды. Жазба жұмысы барысында Абайдың:
– қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы реформатор екені;
– Батыс пен Шығыс әдебиетінің озық үлгісінен сусындаған тұлға екені;
– шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшелігі мен мәні туралы қысқа әрі нақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ диктант аяқталғаннан кейін Абайдың тұлғалық болмысы туралы ой қозғалды.
Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мекеме басшысына алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/997038?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version