Бүгін мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өңірлердегі қызметкерлер арасында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқау өткізуге Қарағанды қаласындағы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы, Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы және Балқаш қаласының тілдер орталығы өзіндік үлестерін қосты. Іс-шараны өз мәнінде өткізген орталықтардың басшылары мен мамандарына алғыс білдіреміз!
Жалпы іс-шараға 119 адам қамтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/997068?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау