«Қайталанатын құқықбұзушылықтың алдын алу» жобасы аясында, сондай-ақ сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың мұражайына экскурсия өткізді.
Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерге толы, қайсарлық пен отансүйгіштікке негізделген Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолымен танысты.
Мұражайға бару пробация және жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған азаматтарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің маңызды кезеңіне айналды.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997043?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау