ШҚО-да WorldSkills Shygys-2025 аймақтық чемпионатының қорытындысы шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да 13-16 мамыр аралығында өткен WorldSkills Shygys-2025 аймақтық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 30-дан астам колледждің өкілдері қатысты.

Салтанатты шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, чемпионат қатысушыларын кәсіби өміріндегі жаңа кезеңмен құттықтады.

100-ден астам сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылар төрелік еткен чемпионатқа қатысқан 300-ге жуық жас 40 құзырет бойынша кәсіби шеберліктерін сынап, өзара сайысқа түсті. Қатысушылардың дағдыларын әділ бағалау мен ашықтық үшін халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау жүйесі қолданылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, WorldSkills Shygys өткізу – қазіргі заман талабы мен еңбек нарығындағы сұранысқа сай білікті жұмысшыларды даярлау, кәсіптік бағдар беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Чемпионатқа қатысқан жастар техникалық және кәсіптік білім беру сапасының артып келе жатқанын өз өнерлерімен көрсеткен бәсекеге қабілетті мамандар.

Әр құзырет бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға медальдар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар, командалық сайыста жоғары нәтиже көрсеткен командаға оқу үдерісінде пайдалану үшін облыс әкімінің атынан интерактивті тақта табысталды.

Марапаттау рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері, құзыреттер бойынша бас сарапшылар, білім беру ұйымдарының басшылары мен серіктес жұмыс берушілер қатысты.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінің соңында естелік фотосурет жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/997402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version