Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесі қызметіне профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) қызметкерлерімен 2025 ж. 16 мамырда «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысы, басшысының орынбасарының, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлер мен мамандардың қатысуымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізу барысында Департаменттің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Ситалиевамен 06.03.2025 ж. ҚР Әлеуметттік кодексіне сәйкес,   үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірілді.

Әлеуметтік қызметкерлердің үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібіне, жеке жұмыс жоспарларын толтыруға және қызмет алушыларға мониторинг жүргізудің жалпы әдістемесіне қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/998173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version