Онкология мәселелері бойынша Меркі және Т. Рысқұлов аудандарына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің басшылығымен Меркі және Т. Рысқұлов аудандарына жұмыс сапары өтті. Жұмыс тобының құрамында орталық директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Тин және онкологиялық диспансерлік бақылау қызметінің жетекшісі Кенжехан Бекқұлиев болды.
Сапар барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде онкологиялық көмекті ұйымдастыруға баға беріліп, онкологиялық қызмет бойынша көрсеткіштердің орындалуы талданды. Сонымен қатар, кадрмен қамтамасыз етілу, смотровой кабинеттердің жұмысы мен жағдайлық орталықтың қызметі зерделенді.
Ерекше көңіл қатерлі ісіктерді бастапқы кезеңінде (0–I сатыда) анықтауға, скринингтік тексерулердің ұйымдастырылуы мен сапасына және онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылауға аударылды.
Меркі ауданында онкологиялық көмекті дәрігер-онколог Дәулбаев А.Г., ал Т. Рысқұлов ауданында онкология және маммология бойынша сертификаты бар дәрігер-онколог Азамат А.А. көрсетеді. Екі ауданда да онкологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері жоспарға сай орындалған. Алайда, Меркі ауданында көзге көрінетін жерде орналасқан қатерлі ісіктің кеш анықталған бір жағдайы тіркеліп, бұл алғашқы профилактикалық жұмысты күшейтуді және бастапқы буын дәрігерлерінің онкоқырағылығын арттыруды қажет етеді. Ал Т. Рысқұлов ауданында онкологиялық өлім-жітім көрсеткіші тым төмен — 8,8 (облыс бойынша 49,3), бұл өлім себептерін кодтаудағы қателіктердің белгісі болуы мүмкін.
Т. Рысқұлов ауданында онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткіші – 17,7, Меркі ауданында – 33,8, бұл облыстық орташа деңгейден (44,4) едәуір төмен. Бұл бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің онкологиялық ауруларды анықтаудағы белсенділігінің төмендігін және тексеру кабинеттердің жұмысындағы әлсіздікті көрсетеді. Сонымен қатар, Меркі ауданындағы жалпы тәжірибе дәрігерлерінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №174 бұйрығына сәйкес мақсатты топтарда скрининг жүргізу тәртібі бойынша білімінің жеткіліксіздігі анықталды. Осыған байланысты скрининг, онкоқырағылық, диагностика кезеңдері, көшпелі іс-шаралар мен мобильді бригадалардың жұмысы бойынша дәрігерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру кабинеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, қызметкерлер өз міндеттерін жақсы біледі. Сапар соңында әр ауданда орталық аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, онкологиялық қызмет көрсеткіштерін орындау, жағдайлық орталық пен мобильді бригадалардың жұмысын жандандыру, скринингтік шараларды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жалпы тәжірибе дәрігерлері үшін №174 бұйрық бойынша оқыту семинарын өткізіп, кейін аттестациядан өткізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/997611?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version