2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің жүзеге асырып жатқан жобасы аясында және Қарағанды облысының дін істері басқармасының қолдауымен Балқаш, Приозерск қалаларында, сондай-ақ Абай және Ақтоғай аудандарында түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Кездесулерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Спикерлер қатысушылармен деструктивті діни идеологиялардың таралуы, интернеттің радикалдануға ықпалы, сыни тұрғыдан ойлау мен діни сауаттылықтың маңыздылығы туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Негізгі назар жастардың экстремистік идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға, құқықтық және рухани мәдениетті арттыруға, сондай-ақ төзімділік, дәстүрлі құндылықтарға құрмет және конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Кездесуге қатысушылар белсенді диалогқа қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, құзырлы мамандардан шынайы әрі нақты ақпарат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/997610?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау