Адам саудасының, әсіресе еңбек қанауына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасымен «Bal Textile» ЖШС кәсіпорнының жұмысшыларымен түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері адам саудасының белгілері, қанау түрлері, жұмысшылардың құқықтары және құқықтық қорғау тетіктері туралы ақпарат берді. Еңбек қатынастарының заңдылығына, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және жалақының уақытылы төленуіне ерекше назар аударылды.
Жұмысшыларға кез келген мәжбүрлі еңбек, жүріп-тұру еркіндігінің шектелуі, құжаттарды тартып алу және басқа да құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекспен қудаланатын қылмыс белгілері болып табылатыны түсіндірілді.
Сондай-ақ, осындай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда жүгінуге болатын құқық қорғау органдары мен жедел желілердің байланыс нөмірлері жеткізілді.
Аталған профилактикалық іс-шаралар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында қаладағы өзге де кәсіпорындарда жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/997713?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау