Түркістан облысының оқушылары профессор М.Өтелбаев атындағы 7-8 сыныптағыларға арналған математикадан республикалық «Ойлан тап» олимпиадасында жеңіске жетті. Жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Жамбыл облысы білім басқармасының «Жамбыл дарыны» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен. Олимпиада – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдетіп, білім алушылардың қабілеттерін арттыруға бағытталған.
Жалпы Түркістан облысынан олимпиадаға барған 12 оқушының 7-і жүлделі орындармен оралды. Олардың қатарында 1-орынға Омар Сарыбек мен Илияс Дінмухамедұлы ие болды. Жүлделі 3-орынға Ғайни Алиакбар, Бексұлтан Дүйсенбек, Батырбек Садуллаев, Дулат Мақсатұлы, Еркен Махмуд ие болды. Сондай-ақ, Шоқан Айдаров үздік білімі үшін арнайы мақтау қағазына ие болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/997614?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау