МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ
✔️Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты.
✔️Бұл симпозиумды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген еді. Президент алқалы жиында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет» деген болатын.
✔️Ерлан Қарин Мемлекет басшысының симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқыды.
✔️Мемлекеттік кеңесші бұл симпозиум Ясауидің гуманистік идеяларын жүйелі зерттеуге және рухани-зияткерлік мұрасын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.
✔️Жиынға еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысып жатыр. Симпозиумдағы тақырыптық секциялар аясында Ясауи мұрасының түрлі қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар жасалып, пікірталастар болады. Сондай-ақ ғалымдар өзара тәжірибе алмасады.
______
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СОВЕТНИК ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В РАБОТЕ МЕЖДУНАРОДНОГО СИМПОЗИУМА «НАСЛЕДИЕ ЯССАУИ В ДИАЛОГЕ ВРЕМЕН И КУЛЬТУР: ГУМАНИСТИЧЕСКИЕ ОРИЕНТИРЫ И СОВРЕМЕННЫЕ ВЫЗОВЫ»
✔️Государственный советник Республики Казахстан Ерлан Карин принял участие в открытии Международного симпозиума «Наследие Яссауи в диалоге времен и культур: гуманистические ориентиры и современные вызовы», который проходит в Туркестане.
✔️Инициативу о проведении данного форума выдвинул Глава государства Касым-Жомарт Токаев. На третьем заседании Национального курултая в Атырау Президент сказал: «Следует обратить особое внимание на глубокое изучение и популяризацию наследия Ходжи Ахмеда Яссауи. Для начала необходимо провести специальный симпозиум с приглашением отечественных и зарубежных ученых».
✔️Ерлан Карин зачитал приветственное письмо Главы государства, адресованное участникам мероприятия.
✔️Выступая перед собравшимися, Государственный советник отметил, что данный симпозиум вносит важный вклад в системное изучение гуманистических идей Яссауи, а также продвижение в мире его духовно-интеллектуального наследия.
✔️В двухдневной конференции принимают участие около 100 ведущих ученых из Казахстана, Азербайджана, Германии, Индии, Ирана, Италии, Кыргызстана, России, США, Таджикистана, Туркменистана, Турции, Узбекистана и Японии. Программа симпозиума включает научные доклады, дискуссии и обмен опытом в рамках трех тематических секций, охватывающих различные аспекты наследия Яссауи.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/997459?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау