ШҚО ТЖД құтқарушылары қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ТЖД-де құтқарушылар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында уақытылы шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін дербес жауапты екені, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мысалдары және оның салдарынан мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге тыйым салынатыны туралы кеңінен сөз қозғалды.

Спикер сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы айтып, қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.

Мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ШҚО ТЖД толық қолдайды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/997460?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version