«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» атты мерекелік кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ардагерлер мен жас отбасылар бір алаңда: отбасылық құндылықтар сөз болды

Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінің Cowоrking залында «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» атты мерекелік кездесу өтті.

Шара барысында отбасы құндылықтарының маңыздылығы, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет жайлы терең ойлар ортаға салынды. Қатысушылардың арасында ардагерлер, жас отбасылар және қоғам белсенділері болды.

Ардақты ардагерлер мен үлгілі отбасылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін арнады.
Кездесуде әсем әндер шырқалып, қатысушыларға естелік сый-сияпаттар табысталды.

Осы мазмұнды кездесудің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Берекелі де бақытты отбасылар көбейе берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/997318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version