Елордалық Департаментте «Маркет – Радио Астана» цифрлық коммуникациялар көшбасшыларының Еуразиялық қауымдастығымен» жүзеге асқан меморандум шеңберінде бірқатар мәселелерді талқылады.
Меморандум адамдар көп жиналатын объектілерде үгіттік-профилактикалық сипаттағы аудио және бейне роликтерді тарату арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатымен жасалған.
Маркет-Радио Астана компаниясы елорданың 20-тан астам нысанында адамдар жаппай болатын аудио және бейне роликтерді 30 мыңнан астам рет радиохабар арқылы таратқан.
Отырыста төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтар арасында білімді насихаттау бойынша азаматтық қорғау жүйесінің басым міндеттеріне қол жеткізу үшін осы бағыттағы жұмыстарды оңтайландырып, жаңа заманауы қадамдар жасау көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/997319?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау